Quick Access


Bu Dergi DOI ve Crosscheck üyesidir


Summary


ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

мақалада қазіргі Қазақстан жағдайындағы өзекті мәселелердің бірі – қоғамдық сананы жаңғыртудың заманауи-психологиялық аспектілерін зерттеу барысы баяндалды. Қазақ елінің мықты, әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болуы үшін, болашаққа беталыс бұқаралық санବны өзгерту үрдісімен тығыз байланысты. Әр қазақстандық жаңа қоғамда табысты өмір сүру үшін өзіндік сананы сапалы дамытуды терең сезінсе, онда жеке сананың трансформациялану нәтижесі ретінде қоғамдық сана жаңғырады. Эволюциялық дамудың осы заңдылығын түйсінген адам табиғаттағы секілді, қоғамда да барлығы өзара сабақтас, бір-бірімен тығыз байланысты екенін нәзік сезініп, анық білетін болады. Демек, қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі құралдары – әрбір қазақстандықтың рухани еркіндігін кемелдендіріп, саналылығын арттыру. Ұлттық жаңғырудың аса маңызды заманауи факторларының бірі – жалғандықтан арылу. Оны әзәзіл деп біліп, қоғамның өзегіне түскен жегі құрт ретінде тану – тазаруға әкеледі. Бұл ой мақалада Әл Фарабидың «Қайырымды қала тұрғындары туралы трактат» еңбегі арқылы негізделеді. Ізгі қарым-қатынасқа бағытталған бақытты қоғамның салтанат құруы онда өмір сүретін адамдардың ниетінің тазалығына байланысты. Қазір Қазақстан қоғамында жүргізіліп жатқан ұлттық сананы жаңғыртуға бағдарланған саясат негізі – «бәсекеге қабілеттілік». Бұл жоғары кәсібилік дегенді білдіреді. Ересек адам үшін бәсекелік қабілет бірінші орында жақсы маман болуды көздейді. Кәсібиліктің шыңына ұмтылу – өзі өмір сүріп отырған орта қажеттілігіне лайық, өз ісінің шебері болуға талпыныспен сипатталады. Көшбасшылық бастау – адам болмысына тән қасиет. Даму үрдісіндегі осы бір заманауи парадигма көрінісі мақалада адам жаратылысының ұрықтану кезіндегі жарыс тетігін мысалға алумен түсіндіріледі. Қоғамдағы әрбір адамның жауапкершілігін арттыру – жоғары саналылыққа жетелейтін басты шарт болуы тиіс. Өз ісіне жауапкершілікпен қарау – өз өміріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастырады. Мұндай қағидамен қаруланған адам қандай да бір сәтсіздіктері үшін өзгені кінәламайды; қатені өзінен іздеп, оны түзетуге талпынады; оқиғадан сабақ алады. Қол жеткізген табыстары үшін разылық сезімі ұлғайып, марқаяды; өзіне сенімі артады; айналасына мейірлі, жұмсақ мінез иесіне айналады. Қоғам осындай шуақты жандармен нұрланады. Демек, «сананың трансформациялануы» немесе «жанның алхимиясы» деген ұғымдар мистика емес, жүзеге асыруға болатын кәміл мүмкіндіктер. «Өмір бойы білім алуға» негізделген қазіргі қазақстандық білім жүйесі ұлт болашағының іргетасын қалайтын қуатты ресурс болуымен қатар, қоғамды әлеуметтік жаңғырту әлеуеті де. Сондықтан, ақпаратқа толы заман мен үдемелі даму жолындағы қазіргі қоғам бағыты академиялық пәндердің мазмұнын толықтыруды қажет етеді. Олардың негізіне жаңа дәуірге сай инновацияларды, әсіресе адам құдыреттілігін паш етіп, рухани жетілу жолдарын сілтейтін білімдерді қалау – жаңа дәуір талабы. Мақалада қоғамдық сананы жаңғырту жекелеген адамдардың сезімталдық, жауапкершілік, танымдық елгезектік, ой өрісі, ниет тазалығы және рухын байытуға бағытталған психологиялық құралдарды тиімді қолдану арқылы жүзеге асырылатыны негізделді.



Keywords
қоғамдық сана, рух еркіндігі,

References

Advanced Search


Announcements


Address :Şahinbey-Gaziantep
Telephone :+90 342 606 06 75 Fax :
Email :ssdjournal.editor@gmail.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri