Quick Access


Bu Dergi DOI ve Crosscheck üyesidir


Abstract


IN VITRO ЖАҒДАЙЫНДА ДАРА ЖӘНЕ ҚОС ЖАРНАҚТЫ ТҰҚЫМДАРДЫҢ ӨНУІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР

Мақалада өсімдіктердің тіршілік циклын жан - жақты зерттеу ертеден келе жатқан пәндік негіздердің бірі боп табылады. Оны ғылымда морфологиялық, физиологиялық, экологиялық, онтогенетикалық және филогенетикалық және т. б. салалар тұрғысынан зерттейді. Тіршілік циклы – ол ағзалардың, индивидтердің, жеке бір түрлердің бір немесе бірнеше ұрпақтарының даму сатысы. Онтогенез барысында, яғни өсімдік ағзасының пайда болуы мен тіршілігінің соңына дейінгі жеке дамуы кезеңінде ағза белгілерінің белгілі бір ретпен өсуі мен дифференциалдануы нәтижесінде бір қатар морфологиялық және физиологиялық өзгерістерге ұшырайды. Бұл процестер өзара байланыса отырып, шартты түрде бірыңғай даму процесінің әртүрлі құрылымын жасайды [1;2]. Онтогенез процесі дезинтеграция және дифференциация процесінің нәтижесінде аналық азғадан оқшауланған ұрықтың қалыптасу барысында басталады. Ұрық аналық ағзадан оқшауланғаннан кейін (кеңістік жағдайында болмаса да, морфологиялық - физиологиялық тұрғысынан) эмбриональдық (ұрықтық) даму сатысына өтеді. Ауылшаруашылық өсімдіктерін өсіріп, олардан жоғарғы сапалы өнім алу байырғы кезеңнен адамзаттың қызығушылығын арттырып келе жатқандықтан, олардың биологиялық ерекшеліктерін, яғни өсу және дамуын, физиологиясын зерттеу мақсаттары алға қойыла бастады. Өсімдіктің өсу мен дамуына әсіресе жарықтың, температураның, судың мөлшерінің айтарлықтай тигізетін әсері зор болғандықтан аталған қоршаған орта факторларын жан жақты зерттеуді қажет етеді. Сондай – ақ, мұндай өсімдіктерді одан әрі мәдени жағдайға енгізу барысында түрлердің онтоморфогенез ерекшеліктерін анықтау ең басты мәселе боп табылады [3;4;5]. Жұмыстың мақсатына жету үшін зерттеу обьектілері ретінде мәдени дақылдардың 7 түрі алынды. Дара жарнақтылардан бидай (Triticum), жүгері (Zea mays), арпа (Hordeum), жуа (Allium), қос жарнақтылардан сәбіз (Daucus), баклажан (Solanum melongena), асқабақ (Pepo) өсімдік түрлері алынды. Зертхана жағдайында тұқымның өну қарқындылығын анықтау үшін алдымен тұқымның таза салмағы өлшеніп алынып, оның сапалығы анықталды. Одан әрі тұқымның өнуі мен өсу динамикасын бақылау М.К. Фирсова [6] әдісі арқылы жүзеге асырылды.



Keywords
Wheat, Corn, Barley, Onion, Carrot, Eggplant



References

Advanced Search


Announcements


Address :Şahinbey-Gaziantep
Telephone :+90 342 606 06 75 Fax :
Email :ssdjournal.editor@gmail.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri