Quick Access


Bu Dergi DOI ve Crosscheck üyesidir


Summary


МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС

Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Білім беру бағытында жаңа технологияларды пайдаланып жоғарғы деңгейде білім беру мектеп директоры оқу ісі жөніндегі орынбасарының әдістемелік жұмыстарымен тығыз байланысты. Сондықтан әдістеме жұмыстарында білімді де білікті, тәжрибелі мамандардың жұмыс жасауы өте маңызды. Мектепте мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сынып жетекшілер мен тәрбиешілерді қадағалаумен бірге әдістемелік жұмыс жүргізеді. Әдістемелік жұмыста мұғалімдердің тәрбие жұмысы туралы сұрақтары, әдіскерлермен кездесу ұйымдастыру, пән мұғалімдері, мектеп әкімшілігінің бағыт-бағдарлары туралы жан-жақты тәрбие мәселесіне байланысты мәселелер айқындалады. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әдістемелік жұмысты төмендегі бағыт бойынша жүргізеді:  әдістемелік отырыс өткізеді;  педкеңес және педагогикалық консилиум өткізуді дайындауға қатысады;  оқу жылының қорытындысы бойынша сынып жетекшілермен өткізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша сұхбат, кездесу өткізеді;  сынып жетекшілерге сыныптан тыс іс-шаралар өткізуге кеңес береді;  сынып жетекшілердің әдістемелік апталығын дайындауға және өткізуге қатысады;  шығармашылық күндер, мерекелік іс-шаралар өткізуге және дайындауға қатысады;  сынып жетекшілердің іс-тәжірибесін таратады;  көрме, таныстыру үшін әдістемелік бірлестіктің материалдарын дайындайды;  сынып жетекшілер үшін нақты көрсеткіш банктерін қалыптастырады;  ақпараттық технология көмегімен тәрбие жұмысының көрсеткіш банктерін қалыптастырады; Әдістемелік нұсқау кеңесі әрбір педагог маман үшін, соның ішінде сынып жетекшілері, әсіресе алғашқы рет сынып жетекшісі қызметін атқаратын жас мамандар үшін өте маңызды.



Keywords
Мектеп Директоры Тәрбие

References

Advanced Search


Announcements


Address :Şahinbey-Gaziantep
Telephone :+90 342 606 06 75 Fax :
Email :ssdjournal.editor@gmail.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri