Қазақ сөз өнерінің қалыптасуы, дамуы тарихының барлық кезеңдерiндегi көркем шығарма кеңістігінде халықтың басынан өткерген уақыт тынысы мен өмiр шындығын танытуда мазмұн мен пiшiн жүйесiмен қамтып бейнелеу жүзеге асырылып келедi. Қазақ Елінің тәуелсіздігін алған кезеңнен қалыптасуы жолында болып өткен қоғамдық-әлеуметтiк оқиғалардың және олардағы көрнектi де ұлы тұлғалардың өмiрлiк шындық деректерiн көркем шындықпен бүгiнгi сөз өнерінінің құндылығын бағалар ұрпақтың жан әлемiне танытуда тарихи тақырыптағы эпикалық шығармалардың, фантастика мен мифтік, реалистік және романтикалық туындылардың маңыздылығы жоғары екені анық. Әсiресе, Қазақ Елі тәуелсiздiгi жарияланып, дербес егемен мемлекет болып өмiр сүре бастаған жылдар белестерi халқымыздың ұлттық-отаншылдық санасын жаңғыртып оятты, ұлтымыздың өзiн-өзi тануы жаңа көзқарастармен жан - жақты рухани толыға түстi. Қазақ әдебиетi тарихындағы классикалық үрдiстердi қалыптастырған сөз өнерi алыптарының қатары жаңа есімдермен толығып, тәуелсіз қазақ әдебиетіне жаңа тақырыптық - жанрлық сипат әкеліп, көркемдік көкжиегі кеңейіп, салмағы мәртебелі қазақтың көркем әдебиеті жаңа бір белеске көтерілді.