Quick Access


Bu Dergi DOI ve Crosscheck üyesidir


Summary


GEOGRAPHICAL FEATURE OF TOURISTIC OBJECT “ISSYK-KUL” (DESCRIPTION)

Бұл мақалада «Ыстықкөл» туристік нысанының географиялық ерекшелігіне сипаттама берілген. Ықтықкөл – Қырғыз жеріндегі тұйық көл. Солтүстік Тянь-Шаньдағы Күнгей Алатауы мен Теріскей Алатау аралығындағы тау жоталарында, теңіз деңгейінен 1608 метр биіктікте орналасқан. Ықтықкөл әлемдегі ең ірі тау көлдерінің бірі. Аталмыш мақалада Ыстықкөл туралы толықтай анықтама кеңінен қарастырылады. Сонымен қатар, бұл мақалада көлдің тарихи атауы да атап өтіледі. Бұрынға кездерде көл атауы Цинчжи және Дацинчжи (қытайша «мөлдір» және «үлкен мөлдір»), Суйе көлі, Жехай, Яньхай болған. Бұл қытай тілінен аударғанда «Шу өзенінің көлі», «ыстық немесе жылы», «тұзды» деген мағынаны береді. Түркі және монғол тілінде «тұзды көл Тұзкөл немесе Тұзкөл-Нор». Қытай деректеріне сүйенетін болсақ, VII ғасырдың бастап жергілікті халық оны Ыстықкөл деп атаған. Көлдің қазіргі атауы туралы екі түрлі дерек бар, бұл туралы толығырақ осы мақалада түсіндіріледі. Геологиялық құрылымы жағынан алғанда Ыстықкөл тектоникалық көл болып саналады. Оның себептері кеңінен аталған мақаланың соңғы бөлігінде қарастырылады. Тянь-Шань таулары аралығында орналасқан Ыстықкөл елдің ең басты рекреациялық байлығы болып есептеледі, оны "Тянь-Шаньның інжу-маржаны" деп атайды. Мұнда Қырғыз елінің көрікті демалыс-сауықтыру орындары орналасқан. Бұл туралы деректер де осы мақалада баяндалады. Сонымен қатар, бұл мақалада тау халқының өмірі қарастырылған. Тауалды белдеуі мен орта таулы аудандардағы халық етті-сүтті бағыттағы ірі қара мал, биік тауларда қодас өсіреді. Бұл ірі қаралармен салыстырғанда жылқы малының саны 300 мыңға көп. Сондықтан, таулы аудандардағы шаруашылықтардағы жергілікті халықтың басты және сүйікті сусыны қымыз кеңінен дайындалады. Асыл тұқымды жылқылар өсіретін шаруашылықтар да Ыстықкөл жағалауында орналасқан. Аталмыш мақалада Ыстықкөл көлінің географиялық орналасуына және геоморфологиялық құрлысының қалыптасу айырмашылығын талқылай келе, туристік нысанының шипалы аймақ екендігі атап көрсетілген. Сонымен қатар, Ыстықкөл көлінің аумағындағы қорықтар мен көркем жерлердің географиялық жағдайлары туралы қарастырылған.



Keywords
Тянь-Шань, Ыстықкөл, Шолпан-Ата, Ыстық-ата, Жетіөгіз, Алтын-Арашан, туризм, геология, тектоника, ландшафт, топоним, минералды бұлақ.

References

Advanced Search


Announcements


    EKİM SAYISI 

    Değerli Bilim İnsanları, Ekim sayısı yayınlanmıştır. 



    ARALIK SAYISI 

    Değerli Bilim İnsanları, Aralık sayısı için makale kabul edilmektedir.



Address :Göztepe Mah., Beykoz, Istanbul/TURKEY
Telephone :+90 537 579 28 78 (Turkey) Fax :+90 216 606 32 75
Email :journalssd@gmail.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri