Quick Access


Bu Dergi DOI ve Crosscheck üyesidir


Abstract


ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ДӘСТҮР КӨРІНІСТЕРІ

Мақалада фольклордан балалар поэзиясына көшкен жанрлар нақты мысалдармен талдана келіп, фольклорды қазақ ақындарының пайдалану тәсілдері айқындалады. Балалар поэзиясының ұлттық фольклорлық дәстүрмен сабақтастығы, өзара ұштасып жатқан қырлары қарастырылады. Қазақ ақындарының ертегі жанрына дендеп кіріп, ондағы мифтік сюжеттер мен мотивтерді қалай пайдаланғандығы туралы айтылады. Сол себепті ақындардың байырғы сюжеттерді қайта жырлап, ұсынуы шығармашылық ізденуден туындаған дәстүр. Бұл дәстүр ертегіге фантастика, қиял, образдық көрік дарытады. Онда адамдар ерекше қасиеттерімен көрінеді, ал хайуандар адамға тән әрекеттерімен бой көрсетеді, сондай-ақ ғажайып заттардың алатын орындары да айрықша. Ертегінің сюжеттік құрылымында оқыс, күтпеген, ұтқыр оқиғалар кезігеді, оқиғалардың әдеттегі, дағдылы өмірдің қалпына сыймайтындай, боямалы, ұлғайта, құбылта баяндалуы басым, бұл оған тартымдылық, әсерлілік дарытады. Мақалада көне мифтік сюжеттің негізінде дүниеге келген туынды – Ә.Тәжібаевтың «Толағай» атты поэмасы туралы сөз болады. Ақын туындысының басынан бастап-ақ халық аузында жүрген деректі пайдаланып отырғанын ашық аңғартады. Сондай-ақ «Ерлік туралы аңыз» деп айдарлауы арқылы фольклорлық дүниеге табан тіреп отырғанын айқын көрсетеді. Бірақ автор өзі пайдаланып отырған материалдың жанрлық сипатына мән бермейді. Халық ұғымында бұл – аңыз. Миф – қазақ тіліне кейінірек ғылым арқылы орныққан термин. Толағай туралы мифтің этиологиялық сипаты айқын. Мифте айдаладағы жалғыз, жеке таудың пайда болу себебі түсіндіріледі. Алыптар өзен суын бөгеу мақсатымен тауды көтеріп әкеле жатып, жарты жолда қалдырады. Халық мифтерінде тау көтеріп келетіндер – дию, алып, олардың тау көтерудегі мақсаты–суды бөгеу, сөйтіп батып кеткен баласын табу. Ақын Ә.Тәжібаев миф өзегін алғанымен, мүлде басқа өң, тыныс береді, салмақ дарытады. Тау көтеріп келетін бозбала – қуаңшылықтан азап көрген елге көмектесу мақсатында басын қатерге тігіп, қаймықпай тау көтеріп әкеледі, сөйтіп тау астында өзі қалса да қауымды құрғақшылықтан құтқарады. Ақын байырғы мифті өзгертіп, жаңа сапада жырлап шыққан. Толағай жас ұрпақ үшін идеал болуға лайық қаһарманға айналған. Ақын осындай ойдың жас ұрпақ тәрбиесінде берері көп, тәлімі мол екендігін ескерген. Мифтік негіз туындыға ірі романтикалық пафос дарытқан. Поэманың баяндау машығы, кейбір мотив-сарындары батырлық жырларды еске алады. Фольклортанушылар мен психологтар байырғы мифтік санамен балалардың дүниетанымдық өсу жолында ұқсастық бар екендігін байқаған. М.Әлімбаевтың «Екі бауыр –екі тау атты» атты туындысында осы сәйкестікті сеземіз. Суреттегі екі таудың бейнесін көрген Сағыныш оны ағайынды екі ұл, бірін-бірі іздеп шығып, кездесе алмаған бауырлар ретінде елестетеді. Тауды жанды мақұлық деп ұғыну – архайкалық дүниетанымға тән құбылыс. Мақалада қазақ ақындардың ертегі жанрына ден қойып, онда мифтік сюжеттермен мотивтерді пайдалануының қырлары айтылады. Өйткені ертегілер ең алдымен балалар жанына жақын, қабылдауына қолайлы, ыңғайлы, оның үстіне тәрбиелік-тәлімдік мәні зор, адамгершілікке, жақсылыққа үндейтін түр. Сол себепті ақындардың байырғы сюжеттерді қайта жырлап, ұсынуы саналы әрекеттерден туындаған. Мақала авторы фольклорлық мифтік сюжеттер мен мотивтерді балалар әдебиеті өкілдерінің өз шығармашылықтарында тиімді пайдалана білгендерін нақты мысалдар келтіре отырып тұжырымдайды



Keywords
children poetry, Kazakh literature, folklope



References

Advanced Search


Announcements


    EYLÜL SAYISI 

    Değerli Bilim İnsanları, Eylül Sayımız Yayınlanmıştır.



    KASIM SAYISI

    Değerli Bilim İnsanları, Kasım Sayımız İçin Makalenizi 01 Kasım Tarihine Kadar Yükleyebilirsiniz.



Address :Göztepe Mah., Beykoz, Istanbul/TURKEY
Telephone :+90 537 579 28 78 (Turkey) Fax :+90 216 606 32 75
Email :journalssd@gmail.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri