Quick Access


Bu Dergi DOI ve Crosscheck üyesidir


Summary


КӨНЕ ТҮРІКТЕР ТАРИХЫ

Мақалада Қазақ хандығының құрылуына дейінгі YІ-ХY ғасырлардың Түрік кезеңінде өмір сүрген мемлекеттер: Түрік қағанаты, Түргеш қағанаты, Қарлұқ-Қарахан мемлекеттері туралы мәселелер қарастырылған. Әлем тарихының аясынан алып қарасақ, көне түрік халқы мен ол құрған мемлекеттің тарихы, адамзат тарихынан алатын орны орасан зор маңызды. ҮІ ғасырдың аяқ кезінде Түрік қағанатының шекарасы батыста Византиямен, солтүстікте Персиямен, тіпті Үндістанмен, ал шығыста Қытаймен тұйықталған десек, осы бір елдер тарихының саяси-тарихы біз сөз етіп отырған кезеңде Түрік мемлекетінің тағдырымен байланысты болғаны өзінен-өзі түсінікті. Түрік мемлекетінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында белгілі дәрежеде бетбұрыс кезең болды, өйткені сол кезге дейін Орта теңіз мәдениеті мен Қиыр Шығыс мәдениеті, бір-бірінің дүниеде бар екенін білсе де, басы қосылмаған еді. Шетсіз-шексіз далалар мен заңғар таулар Шығыс пен Батыстың қарым-қатынасына кедергі жасады. Тек кейінірек барып, темір үзеңгіні жасау және арба орнына теңдеу әбзелдерін ойлап табу керуендердің шөлдер мен асулардан көп қиналмай, оңайырақ өтулеріне жағдай жасады. Сол себепті де ҮІ ғасырдан бастап қытайлар Константинополь базарының нарқымен санасуына, ал византиялықтардың қытай патшасы найзагерлерінің санын есептеп отыруына тура келді. Түркілердің бірігуінің мемлекеттік құрылымдардың шеңберіндегі барлық тарихи кезеңі саяси аренада бірін-бірі жүйелі ауыстырып отырған тайпалардың белсенділігімен тығыз байланысты. Түрік, Түргеш, Ұйғыр, Қырғыз, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ қағанаттарының өмір сүруі Қазақстан территориясында мемлекеттік құрылымдардың көпғасырлық дәстүрлері болғанын, тайпалардың бірлікке ұмтылғанын дәлелдейді. Оғыздардың Арал жағалауы мен Батыс Қазақстанға орын ауыстыруы оңайға соққан жоқ. Олардың мұнда орнығуында Арал жағалауындағы екі тайпаның - бесенелердің (печенегтердің), қанғарлардың және басқа да сақ-массагет тегінен тараған әулеттердің қарсылығын, ал одан әрі батысқа жылжуында сарматтардың ұрпақтарын және фин-угор тайпаларының қарсылығын күшпен басуына тура келді. Оғыз мемлекеті Х ғасырда Еуразия далаларындағы әскери-саяси өмірде зор рөл атқарған елеулі күшке айналды. Түркі тілдес тайпалардың мемлекеттік нығаюының келесі кезеңі Қазақстанның шығыс және солтүстік аймақтарын мекендеген қыпшақ және қимақ тайпаларымен байланысты. Осы тарихи процестің жаңа, мейлінше кемелденген сатысына құрамына тек аталған тайпалар ғана емес, Мәуреннахр тұрғындары кірген Қарахандар мемлекеті жетеді. Міне осындай жағдайда түріктер тек арадағы дәнекер рөлін атқарып қана қоймай, сонымен бірге өз мәдениетін де дамытып, оны Қытай, Иран, Византия, Үндістан мәдениетіне қарсы қоюға болады деп есептеген. Осынау өзгеше дала мәдениетінің сүйексіңді дәстүрлері мен терең тамырлары бартұғын, бірақ, біз онымен, отырықшы халықтар мәдениетіне қарағанда, болмашы дәрежеде ғана таныспыз



Keywords
Түрік қағанаты, мемлекеттер, Қазақ хандығы

References

Advanced Search


Announcements


    KASIM SAYISI 

    Değerli Bilim İnsanları, Kasım Sayımız İçin Makalenizi Sisteme 01 Kasım Tarihine Kadar Yükleyebilirsiniz. 



    EYLÜL SAYISI 

    Değerli Bilim İnsanları, Eylül Sayımız Yayınlanmıştır.



Address :Göztepe Mah., Beykoz, Istanbul/TURKEY
Telephone :+90 537 579 28 78 (Turkey) Fax :+90 216 606 32 75
Email :journalssd@gmail.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri