Quick Access


Bu Dergi DOI ve Crosscheck üyesidir


Summary


ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ ЖОЛЫНДА ҚАЗАҚ ЖЫРАУЛАРЫНЫҢ ДІНИ БІЛІМ ҰСТАНЫМДАРЫ

Қазақ халқы ғасырлар қойнауында өзінің басынан талайды өткеріп, батырлық пен ерліктің әнұранына айналғаны баршамызға аян. Тәуелсіздік мәселесі бүгінгі күн проблемасы ғана емес, ол сонау кездегі бабалар мұраларынан басталған. Аталмыш мақаладағы өзекті мәселелерінің бірі ол, Қазақ мемлекетінің іргесі қаланған күннен бастап оның барлық саяси – әлеуметтік ең қажетті сұрақтарының төңірегінде белсенділік танытқан жыраулар дүниетанымына арналмақ. Мемлекет болу үшін тек жауды жеңіп шығу ол жеткіліксіз. Мемлекетке өзіндік ойлау машығы мүдделерімен алға қойған мақсаттарды анықтайтын өзара ынтымақтық қажет. Яғни, мемлекеттің нығаюы қарулығының күші мен дипломатиялық қарым - қатынаспен ғана өлшенбейді, рухтың күштілігінеде байланысты. Рухни күш дегеніміз негізгі фундаменті діннен бастау алатын адамгершілік – этикалық категориялар. Бұл категориялар қазақ философиясының хандық дәуірге дейінгі, хандық дәуір, зар заман, ағартушылық, саяси – әлеуметтік кезеңдерінің барлығында қарастырылады. Бірақ бұл мақалада хандық дәуір кезеңінің өкілдері жыраулардың жыр – толғауларындағы діни - этикалық мәселелер қарастырылған. Әсірсе ислам дініндегі құран сүрелеріндегі аяттар мен пайғамбарымыз Мұхаммед (c.а.с.) хадистерін жыраулар халыққа қалайша жеткізгені. Қазақ философиясындағы жырауларды сегіз қырлы бір сырлы терең ойдың иелері деп қарастыруға болады. Себебі, олар енді ғана ел болып шаңырағын көтерген қазақ халқының қалыптасу тарихында бірнеше функцияларды атқарған. Мысалға, хан шешім таппағанда, халық жан-жаққа шашырағанда, көкірек көзі ояу, ауызындағы сөзінің дуасы бар данагөй — жырауларға жүгінген, яғни, ел өміріндегі елеулі оқиғалар кезінде әркез хан қасынан, іс басынан табылатын осынау жыраулар бірде хан мен батырды жарастырған ақылмандығымен дараланса, енді бірде ел толқуын басып, бірлікке үндеген данышпандығымен көзге түске. Мақаланың өзектілігі біріншіден, жаһандану жағдайында ұлттың бірегейлігін сақтау барысында бай тарихының бір қырын танытса екіншіден, дәстүрлі ислам дінініндегі кіші жиһад, үлкен жиһад, ақида, шариғат, хадис секілді мәселелерді онай түсінетіндей, жеңіл тілмен жеткізген. Жаһанданудың мәдени теориясының өкілдерінің пайымдауларынша егерде ұлт өзінің рухани дүниетанымын меңгермесе қайнап жатқан қазанда өзінің бірегейлігінен айрылады. Олай болса имандылықты, отансүйгіштікті насихаттайтын жыраулар дүниетанымдары құнды деректер болып қала бермек.



Keywords
жаһандану, жырау, діни білім, бірегейлік, философия

References

Advanced Search


Announcements


    EYLÜL SAYISI 

    Değerli Bilim İnsanları, Eylül Sayımız Yayınlanmıştır.



    KASIM SAYISI

    Değerli Bilim İnsanları, Kasım Sayımız İçin Makalenizi 01 Kasım Tarihine Kadar Yükleyebilirsiniz.



Address :Göztepe Mah., Beykoz, Istanbul/TURKEY
Telephone :+90 537 579 28 78 (Turkey) Fax :+90 216 606 32 75
Email :journalssd@gmail.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri