Мақалада Septoria Sacc. туысының (S. ribis ( Lib. ) Desm.; S. crataegicola Bond. et Tranz.; S. rubi West. var. rubi D. Bab.; S. fragariae Desm. var fragariae D. Ваb.; S. elaeagni (Chev.) Desm.) түрлерінің табиғаттағы және таза екпелік жағдайындағы даму циклының зерттелу нәтижелері берілген. Зерттелген түрлердің даму циклында жынысты көбейетін телеоморфты кезеңінің Mycosphaerella Joh. туысы түрлері бар екендігі дәлелденді. S. rubi var. rubi - дің даму циклында телеоморфты кезеңімен қатар анаморфты (макро және микроконидиальды) және спермагониальды кезеңдері анықталды