Quick Access


Bu Dergi DOI ve Crosscheck üyesidir


Summary


БОЛАШАҚ БИОЛОГТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ («ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР ҚОРЫ» ПӘНІ ТӘЖІРИБЕСІНДЕ)

Мақалада педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ биологтардың ғылыми-зерттеушілік құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық негіздері берілген. Бүгінгі таңда студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары оқу орындарында маман дайындауда ең қажетті негізгі компоненттердің бірі, оқу үдерісінің құрамдас элементі болып табылады. Осыған байланысты оқу үдерісін студенттер оқу бағдарламасына сәйкес білім алып қана қоймай, сонымен қатар алған білімін өзбетінше жетілдіре білетін, ғылыми мәселелерді шешуде ғылыми-зерттеу әдістерін меңгерген, әртүрлі ақпарат ағындарын жалпылап және анализдей алатындай етіп құрастыру қажет. Ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеттерді ұйымдастырудағы оқытушының негізгі міндеті - студенттерді ғылыми жұмыстарға тартуға ықпал ету. Оқытушының жоғары профессионализмі, педагогикалық шеберлігі студенттердің ғылыми жұмысқа деген қызығушылығын тудырады және соның нәтижесінде шығармашылық сипаттағы танымдық белсенділігін арттырады [1]. Студенттердің, магистранттардың ғылыми-зерттеушілік жұмыстары деп ғылыми жұмыстарды орындауда әдістер мен дағдыларды игеруге бағытталған іс-шаралар жиынтығын айтуға болады. Студенттердің ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын дамыту мен жетілдіру – студенттердің танымдық іс-әрекеттерін белсендірумен, шығармашылық ойлау қабілеттері мен зерттеушілік құзыреттіліктерінің дағдысын қалыптастырумен тікелей байланысты педагогиканың негізгі міндеттеріне кіреді. Инновациялық білім беру үдерісінде жоғары оқу орындарының білім алушыларының ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеттері өзекті және болашақ мамандарды кәсіби дайындауда негізгі компоненттердің бірі болып табылады [2]. Студенттердің зерттеушілік құзыреттілігі – ғылыми-зерттеушілік іс-əрекет үрдісінде қалыптасатын тұлғаның дайындығы, оған ғылым құндылықтары мен нормаларын, зерттеушілік іс-əрекеттің əмбебап тəсілдерін меңгеруі, жаңа білімдер жүйесін өз бетімен игеруі, нəтижені алуға бағытталған жаңа əдіс-тəсілдерді білуі, өзінің зерттеушілік əрекетінің рефлексиясын жүзеге асыруы, педагогикалық жəне психологиялық зерттеуді жүргізуге дайындығы жатады [3]. Жоғары оқу орнында білім алушылардың ғылыми жұмыстары теориялық және қолданбалы мәселелерді тиімді шешуге қабілетті, заманауи мамандардың кәсіби және шығармашылық дағдыларын қалыптастырады [4]. Биология мамандығының студенттері мен магистранттарының ғылыми-зерттеушілік іс-әрекет тәжірибесін қалыптастыру білім берудің барлық кезеңдерінде міндетті және элективті пәндерді оқыту барысында іске асырылады. Әр пәннің өз ерекшеліктері бар. Мысалы, биология мамандығы магистранттарында жүргізілетін «Дәрілік өсімдіктер қоры» элективті пәнінің пәнаралық ауқымы өте кең: ботаника, экология, генетика, химия, тарих, медицина пәндерімен өте тығыз байланысты. Осыған байланысты бұл пәннің зертханалық сабақтарында орындалатын жұмыстар да әртүрлі бағытта болады.



Keywords
құзыреттілік, ғылыми зерттеушілік, дағды, дәрілік өсімдіктер

References

Advanced Search


Announcements


    MART SAYISI 

    Değerli Bilim İnsanları, Mart sayımız yayınlanmıştır. 



    MAYIS SAYISI 

    Değerli Bilim İnsanları Mayıs sayımız için çok değerli çalışmalarınızı 01 Mayıs tarihine kadar sistemimize yükleyebilirsiniz.



Address :Göztepe Mah., Beykoz, Istanbul/TURKEY
Telephone :+90 537 579 28 78 (Turkey) Fax :+90 216 606 32 75
Email :journalssd@gmail.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri