Quick Access


Bu Dergi DOI ve Crosscheck üyesidir


Summary


БІЛІМ МЕН БІЛІКТІ ЖАҢҒЫРТАТЫН ЖАҢА БАҒДАРЛАМА ЖӘНЕ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

Қазіргі әлемде білімнің қоғамдағы барлық саладағы ілгерілеуді қамтамасыз ететін стратегиялық ресурс ретіндегі рөлі жүйелі өзгерістерді талап етеді. Білімнің негізгі және ең ұзақ сатысы ретінде, мектеп білімінің жаңа сапасын қамтамасыз етудің түйінді сәті болып отыр, оған әр азаматтың және тұтас қоғамның келешектегі өмірлік табыстылығы байланысты. Оқушылардың және олардың ата-аналарының әрбір индивидумның жеке қажеттіліктерін қанағаттандыратын толыққанды білімге құқықтарын қамтамасыз ету үшін жағдай жасаған маңызды. Оқудың нұсқалары мен әдістерінің көптүрлілігі көрсетілетін білім беру қызметінің сапасы туралы объективті ақпаратпен ілесуі тиіс, оны білім алушылардың жетістіктерін бағалау үрдісінде айқындауға болады. Бағалау үрдісін қайта қарастырудың өзектілігі осы күні білімдегі заманауи стратегиялық міндеттермен, білім сапасына қойылатын халықаралық стандарттарды және заман талаптарын ескеріп, білім сапасының деңгейін арттыру қажеттілігімен, білім беру нәтижелерінің объективтілігін және қазақстандық мектеп түлектерінің ел сыртындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатымен, білім алушылардың оқу жетістіктерінің бағасына және оны бағалауға бірыңғай талаптарды әзірлеу қажеттілігімен анықталуда. Қазақстанның PISA-2009 нәтижелерін талдау ұлттық білім беру жүйесін, ҚР Білім беруді 2011-2020 жылдарда дамытудың мемлекеттік бағдарламасыны шеңберінде білім саясатындағы басым бағыт ретінде бағалау жүйесі және білім сапасының мониторингін жетілдіру үшін өзекті келешегін көрсетуде. Педагогикалық практикада қазіргі күні жиі қолданылып жүрген бес балдық жүйемен бағалау әдістемесі қарапайым да, үйреншікті екені сөзсіз. Бірақ ол саралауға қабілетсіз және бағалардың объективтілігін қадағалауға мүмкіндік бермейді, өйткені оның білім алушылармен өз жетістіктерін өздігінен бағалауын қолдайтын және дамытатын, сонымен қатар, білім беру үрдісінде білім алушы өзінің сәттіліктері мен сәтсіздіктері туралы ақпаратты меншікті жетістіктерін жақсарту үшін ұсыныс түрінде алып отыратындай, кері 4 байланысты жүзеге асыратын нақты және анық критерийлері жоқ. Критерийлік бағалау жүйесінің білім беру үрдісіндегі қолданысы білім алушылардың жетістіктерін бағалау жүйесін жеке пәннің мақсатты нұсқамаларымен байланыстыруға, сонымен қатар білім алушылардың бастауыш мектептегі құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін белгілі параметрлерді (критерйилерді) қолдану арқылы анықтап, көтеруге мүмкіндік береді.



Keywords
Жаңартылған, Критериалды, Дискриптор, Модерация, Рубрика.

References

Advanced Search


Announcements


    OCAK SAYISI

    Değerli Bilim İnsanları, Ocak Sayımız İçin Makalenizi 01 Ocak Tarihine Kadar Yükleyebilirsiniz.



    KASIM SAYISI

    Değerli Bilim İnsanları, Kasım sayımız yayınlanmıştır.



Address :Göztepe Mah., Beykoz, Istanbul/TURKEY
Telephone :+90 537 579 28 78 (Turkey) Fax :+90 216 606 32 75
Email :journalssd@gmail.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri