Мақалада болашақ педагогтарды кәсібиліктің, тұлғалық дамудың биігі «акме» жағдайға жетуге дайындаудың теориялық және практикалық астарларына сипаттама беріледі. «Акмеологиялық дайындық» сияқты күрделі ұғым турасындағы түсіндермелер талданып, авторлық көзқарастар білдіріледі. Педагогикалық оқу орындары білімгерлерін кәсіби дайындаудың акмеологиялық шарттары мен технологиялары сипатталады.