Quick Access


Bu Dergi DOI ve Crosscheck üyesidir


Abstract


БОЛАШАҚ БИОЛОГ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ЖОЛДАРЫН ДАМЫТУ

Мақалада биология пәндерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқыту арқылы студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру туралы берілген. Көптілді болу – уақыт талабы. Көптілділік – соңғы жылдары академиялық тұрғыда көп көңіл аударылып келе жатқан өте кең таралған құбылыс [1]. Әлемнің көптеген елдерінде негізгі немесе тіпті, оқу бағдарламаларын ағылшын тілінде жүргізу кең етек алуда. Бірақ кейбір елдерде мұндай әрекеттің кері әсерлері блуы мүмкін деп санап, сабақтарды қайтадан өз тілдерінде жүргізуде. Көбісі өз мамандары болмағандықтан тілдер әлсіреп, ағылшын тілі ұлттық тілмен немесе олардың ұлттық тілі ағылшын тілімен алмастырылуы мүмкін деп те қауіптенеді. Бұл жергілікті мәдениетке де сонымен қатар, халықаралық қатынастарға да әсері болуы мүмкін. Тілге қатысты маңызды шешімдер көп жағдайда мансап үшін ағылшын тілінің қажеттілігінен туындайды [2]. Бүкіл әлемде соңғы он жылдықта экономикалық және саяси өзгерістер жүріп жатыр. Бұл өзгерістер бүкіл әлемдік оқыту мен оқу жүйесіне де өз үлесін қосуда. Көптілді практикаға бағытталған білім беру туралы ЮНЕСКО-ның «Көптілді әлемде білім беру» атты құжатында нақты қадамдар берілген [3]. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында: «Үкіметке тиісті ұсыныстар беруді тапсырамын. Атап айтқанда, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірленсін. Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды.» деп ағылшын тілін меңгерудің өзектілігін нақты айтып кетті [4]. Мектепте оқу пәндерін қазақ және орыс тілдерімен қатар ағылшын тілінде жүргізу үшін ең алдымен пәндік біліммен қатар осы тілдерді меңгерген мұғалімдер қажет. Осыған байланысты, біздің университетімізде де білім беру жүйесі көптілділікті дамыту бағытында жүреді. Биылғы оқу жылында 1-курсқа қабылданған 5В011300-биология мамандықтарының студенттерінің оқу жұмыс жоспары бойынша элективті кәсіби пәндердің 50 %-ы қазақ, 30 %-ы ағылшын және 20 %-ы орыс тілдерінде жүргізілетін болады. Биология пәндерін үш тілді саясатта оқыту біртіндеп іске асырылады. Екінші курста өтілетін «Кәсіби қазақ/орыс тілі» және «Кәсіби бағытталған шет тілі» кәсіби жоғары білм берудің практикалық - бағдарланған сипаттағы және әлеуметтік-экономикалық жаратылыстану және кәсіби циклдардағы пәндермен пәнаралық байланыстары ескеріліп жазылған пән болып табылады. Ол биология саласындағы мамандықтар бойынша оқитын студенттердің шет тілін кәсіби деңгейде қолдана білу дағдыларын жетілдіруге және дамытуға бағытталған



Keywords
multilingual education, competence, TUNING



References

Advanced Search


Announcements


    OCAK SAYISI

    Değerli Bilim İnsanları, Ocak Sayımız İçin Makalenizi 01 Ocak Tarihine Kadar Yükleyebilirsiniz.



    KASIM SAYISI

    Değerli Bilim İnsanları, Kasım sayımız yayınlanmıştır.



Address :Göztepe Mah., Beykoz, Istanbul/TURKEY
Telephone :+90 537 579 28 78 (Turkey) Fax :+90 216 606 32 75
Email :journalssd@gmail.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri